Америкада бір өзім жұдырықтасқанша, қазақтың он жігіті жекпе-жек өткізгені керек бізге - Қанат Ислам

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкада бір өзім жұдырықтасқанша, қазақтың он жігіті жекпе-жек өткізгені керек бізге - Қанат Ислам © NelSons Promotions

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz тілшісімен тілдесу барысында 16 желтоқсан Астанада өтетін бокс кеші туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық кәсіпқой Қанат "QAZAQ" Ислам (25-0, 20 КО) Vesti.kz тілшісімен тілдесу барысында 16 желтоқсан Астанада өтетін бокс кеші туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Боксшының айтуынша, "QAZAQ PROMOTIONS" өткізетін бұл кеш - Қазақстанда кәсіпқой боксты дамыту бастамасы.

"Астана арландарының" турнирі аяқталған соң сол күні кеште Бахтияр Артаевпен бірлесіп, кәсіпқой бокс кешін өткіземіз. Мұндағы мақсат - Қазақстанда кәсіпқой боксты дамыту. Қазақстанның туы көтеріліп әнұран орындалады, бұл бүкіл елге құрмет қой. Америка елдерінде кәсіпқой бокс жақсы дамыған, ал бізде әуесқойда ел біріншілігіне екі жүздей бала қатысады. Оның қырықтайы құрамаға ілігеді, біреуі ғана Олимпиадаға барады. Ал қалғаны бос. Чемпионатқа қатыспағандары қаншама. Бізде әр облыста бес-алты мың бала боксқа барады ғой", - дейді боксшы.

Спортшы бір бокс кешімен шектеліп қалмайтындарын айтты.

"Келесі жылдан бастап үлкен жоспарларды қолға аламыз. Осыны тұрақты етуге тырысамыз. Мен бір өзім Америкада жұдырықтасқанымша, қазақтың он жігітіне жекпе-жек ұйымдастырғанымыз керек бізге. Сондықтан қолдан келгенінше қәсіпқой боксты дамытсақ деген мақсат бар", - деп түсіндірді Қанат Ислам.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети