Бокс туралы жазатын америкалық журналистер ассоциациясы (BWAA) салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound, P4P) ең үздік боксшылар тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокс туралы жазатын америкалық журналистер ассоциациясы (BWAA) салмақ дәрежесіне қарамастан (pound-for-pound, P4P) ең үздік боксшылар тізімін жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ассоциация рейтингі екі ай сайын жаңарып отырады. Ұйымның әр мүшесі өзі таңдаған 10 үздік боксшының тізімін береді. Бірінші орынға - 10 ұпай, екінші орынға - 9 ұпай және тағы сол сияқты жалғасады.
Соңғы екі айда рейтинг аса өзгермеген. Бірінші орында жеңіл салмақта WBA чемпионы Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) тұр. Екінші орында бірінші жартылай ауыр салмақта абсолют чемпион Теренс Кроуфорд (34-0, 23 КО); үздік үштікте қазақстандық боксшы Геннадий Головкин бар.
BWAA нұсқасы бойынша P4P толық рейтингісі:
1 (1). Василий Ломаченко (11-1, 9 КО) - 216 ұпай.
2 (2). Теренс Кроуфорд (34-0, 23 КО) - 213.
3 (3). Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) - 181.
4 (5). Майки Гарсиа (39-0, 30 KO) - 160.
5 (4). Эррол Спенс (24-0, 21 КО) - 131.
6 (9). Наоя Иноуэ (16-0, 14 КО) - 106.
7 (6). Срисакет Сор Рунгвисаи (46-4-1, 41 КО) - 105.
8 (жаңа). Александр Усик (15-0, 11 КО) - 98.
9 (9). Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) - 87.
10 (жаңа). Энтони Джошуа (21-0, 20 КО) - 70.