Америкалық БАҚ-тар Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа өтетінін хабарлады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық БАҚ-тар Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа өтетінін хабарлады © Данияр Майлыбаев

Америкалық БАҚ-тар Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық БАҚ-тар Данияр Елеусіновтің кәсіпқой боксқа өтетінін хабарлады, - деп хабарлайды Vesti.kz

Boxing News спорт басылымының мәліметінше, таяу арада Елеусінов АҚШ-қа барып, ағасы Дәуренмен бірге болады екен.  

"Қазақстанның Олимпиада чемпионы алтын медальдің бар мүмкіндігін пайдаланбақшы. 25 жастағы жартылай орта салмақтағы боксшы таяу арада Бруклиндегі (Нью-Йорк) ағасы Дәуренге барады және промоутер Лу Ди Беллдың қоластында болады", - деп жазады Boxing News.

Еске салайық, Данияр Елеусінов Рио-де-Жанейро Олимпиадасында 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жеткен болатын. Турнир финалында ол өзбек боксшысы Шахрам Гаясовты жеңді. Ал осы жеңісінен кейін ол болашақта не істейтіні жайлы шешім шығармағанын мәлімдеген еді. Сол уақытта ол промоутерлерден нақты ұсыныстардың әзірше түспегенін хабарлаған. 

Айта кетейік, Олимпиада чемпионының 31 жастағы ағасы Дәурен Елеусінов өткен жылы әуесқойлар арасында Қазақстан чемпионы болған, бірақ 2014 жылы кәсіпқой боксқа өткен. Өткізген алты жекпе-жегінің бесеуінде жеңіске жетті (төртеуі нокаутпен), ал тағы бір жекпе-жегін тең аяқтады. Барлық жекпе-жек АҚШ-та өткен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети