Америкалық боксшы Головкиннің әлсіз тұсын атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық боксшы Головкиннің әлсіз тұсын атады © ESPN

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Вилли Монро қазақстандықтың келесі қарсыласы Давид Лемьеге кеңес берді. Америкалық боксшының айтуынша, Лемье Головкинді жақын дистанцияда ұстаса ғана жеңе алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Вилли Монро қазақстандықтың келесі қарсыласы Давид Лемьеге кеңес берді. Америкалық боксшының айтуынша, Лемье Головкинді жақын дистанцияда ұстаса ғана жеңе алады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Кіші Монро мамырда болған жекпе-жекте осылайша Головкинге қиындық тудырғанын айтты. "Мен Лемьеге өз тәжірибемнен кеңес бергім келеді. Мен Головкинге жақын дистанцияда проблема туғыздым. Лемьенің апперкоты жақсы, ол Головкинді өзімен санасуға мәжбүр ете алса, бұл Головкин үшін ең қатал түн болар еді", - деді америкалық боксшы.

Давид Лемье мен Геннадий Головкин 17 қазанда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасына жұдырықтасады. Бәске WBA (Super), IBO, WBC (Interim) және IBF чемпиондық белбеулері тігіледі. Сонымен бірге, бұл екі боксшының да PPV-дағы (ақылы трансляция жүйесі) бірінші кездесуі болмақ. Кездесуді "Қазақстан" телеарнасынан тікелей эфирде көруге болады.

Өткен аптада Головкин мен Лемьенің ESPN студиясындағы Face off видеосы жария болды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети