Америкалық боксшы жеңіске жетіп, есінен танды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық боксшы жеңіске жетіп, есінен танды © Tom Hogan-Hoganphotos

АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Golden Boy компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтті. Шоу андеркартында америкалық Джордж Ринкон мен аргентиналық Диего Перес жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Техас штатындағы Сан-Антониода Golden Boy компаниясы ұйымдастырған бокс кеші өтті. Шоу андеркартында америкалық Джордж Ринкон мен аргентиналық Диего Перес жұдырықтасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек тек бір раундқа созылды, осы уақытта Ринкон қарсыласын үш рет нокдаунға түсірген. Америкалық 27 жастағы боксшы үшін бұл спорттық мансабындағы оныншы жеңіс, ол әзірге шаршы алаңда тізе бүкпеген. 

Төреші жекпе-жекті тоқтатып, Ринкон өз бұрышына келгенде дірілдеп, есінен танып қалған. Бірнеше минуттан соң боксшы есін жиған және ауруханаға жеткізілген. 

Оның есінен танып қалуына не себеп болғаны белгісіз, өйткені Ринкон жұдырықтасу кезінде бірде-бір ауыр соққы алмаған. Ал Перес осымен оныншы рет жеңілді, сонымен қоса, оның 13 жеңісі және бір тең түскен кездесуі бар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети