Америкалық журналист Головкиннің жеңілісін болжады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Америкалық журналист Головкиннің жеңілісін болжады © espn.co.uk

NYFights спорт сайтының журналисі Джон Гатлинг Vesti.kz тілшісімен сұхбаты кезінде Головкин мен "Канелоның" қарымта жекпе-жегінде кімнің жеңетіні туралы ойын айтты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

NYFights спорт сайтының журналисі Джон Гатлинг Vesti.kz тілшісімен сұхбаты кезінде Головкин мен "Канелоның" қарымта жекпе-жегінде кімнің жеңетіні туралы ойын айтты.

Боксшылардың қарымта кездесуі 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

"Бұл тартысты жекпе-жек болады деген ойдамын. Аделаида Берд пен сол сияқты төрешілер құрысын. Бұл қарымтада оның керегі жоқ. Бұл жекпе-жек белгіленген уақыттың жартысына жетпей аяқталады. Күші мен қысымға сеніп келген боксшылар ақыры ойсырай жеңіледі. Геннадийді де осы қатарға жатқызуға болар. Жастық жеңеді. Головкин қызуын жоғалтып алды, қазір бұған ешкім сенбесе де, "Канело" оны тоқтатады деген ойдамын", - дейді Гатлинг.

Еске салайық, төреші Берд Головкин мен Альварестің алғашқы жекпе-жегінде екіұшты баға беруімен әлемге әйгілі болды. Ол мексикалықтың пайдасына 118-110 ұпайын көрсетіп, сарапшылар мен жанкүйерлердің сынына қалған. Оның бағалауы тіпті "Канелоның" промоутері Оскар Де Ла Хойяның назарылығын тудырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети