05 маусым 2017 10:27

Андре Уорд Головкин-Альварес жекпе-жегінің басты түйткілін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© FightNews.RU © FightNews.RU

Жартылай ауыр салмақта WBA (Super), WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Андре Уорд қазақстандық Геннадий Головкин мен месикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты өз ойын айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. 

"Бұл керемет жекпе-жек. Оскар Де Ла Хойя және "Канело" дұрыс істеді. Уақытты жақсы таңдады және жекпе-жек жоспарын құрып алды. Олар БАҚ-тың қысымына қарамастан, өздері қалған уақытқа белгіледі. "Канело" салмақ қосып, оған үйреніп алғанша күтті, сонымен қатар, ақша да тауып үлгерді. Енді бұл жекпе-жек туралы көпшілік айтып жатыр, бұл атаулы оқиға болады. Ал басты сұрақ қарсыластар арасында ірілік жағынан қаншалықты айырмашылық бар дегенге саяды. Головкин расында да "Канелодан" тым ірі ме? Жауап беру қиын, бірақ, біздің спорттың тартымдылығы да осында. Кім намысты қолдан бермей, биіктің төріне шығатынын көрейік", - дейді Уорд ESPN арнасындағы First Take бағдарламасында. 

Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген, ол 160 фунт салмақта өтеді. Енді бұл бокс кешін өткізетін орынды таңдау ғана қалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети