АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы бірінші рет мерзімінен бұрын жеңілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы бірінші рет мерзімінен бұрын жеңілді Асхат Уалиханов. © Top Rank

Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық боксшы Асхат Уалиханов спорттық мансабында бірінші рет жеңіліске ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол барлық жекпе-жегін АҚШ-та өткізген. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған қазақстандық боксшы Асхат Уалиханов спорттық мансабында бірінші рет жеңіліске ұшырады, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ол барлық жекпе-жегін АҚШ-та өткізген. 

Алтыншы кездесуде қазақстандық боксшының қарсыласы пуэрторикалық Хосе Лопес болды. Жартылай орта салмақта сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын пуэрторикалық боксшының жеңісімен аяқталды. Уалиханов жетінші раундта шаршы алаңға шықпады. 

Осылайша, 28 жастағы қазақстандық боксшы спорттық мансабында екінші рет жеңілді және бірінші рет мерзімінен бұрын есе жіберді. 27 жастағы Лопес болса кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізіп, оныншы кездесуін мерзімінен бұрын аяқтады. Сонымен қатар, ол осыған дейінгі кездесуде қарсыласымен тең түскен. 

Айта кетейік, Уалиханов америкалық Top Rank промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырған. Ол 2017 жылдан бері барлық ресми кездесулерін АҚШ-та өткізді. Бірінші жекпе-жегінде ол қарсыласын мерзімінен бұрын жеңген еді, алайда тәртіп бұзғаны үшін дисквалификацияға ұшыраған еді. 

Ол Қазақстанда 2018 жылы желтоқсанда украиналық Ярослав Юровпен жұдырықтасты, алайда бұл кездесуді Boxrec сайты тіркеуге алмады. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети