Әрдайым мықты болсаң, ешкім сенімен жұдырықтасқысы келмейді - Головкин

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әрдайым мықты болсаң, ешкім сенімен жұдырықтасқысы келмейді - Головкин © ИНФОРМБИРЖА news

Кәсіпқой бокста орта салмақта чемпион Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) өз жанкүйерлеріне Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жектен не күтуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кәсіпқой бокста орта салмақта чемпион Геннадий Головкин (36-0, 33 КО) өз жанкүйерлеріне Дэниэл Джейкобспен өтетін жекпе-жектен не күтуге болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Маған ескі мектеп ұнайды. Мен кейде сұмдық ессіз жекпе-жек ұйымдастырғым келеді, себебі егер сен әрдайым мықты болып көрінсең, сенімен ешкім жұдырықтасқысы келмейді", - деп жазады Головкиннің сөзін Boxingnews24.com. - Джейкобс менен қорықпайды, бұл - бокс. Ол өз жұмысын біледі және жеңіске жетуге деген мүмкіндігіңнің қаншалықты екенін біледі".

Осыған дейін, GGG өз жанкүйерлеріне Джейкобспен болатын жекпе-жекте үлкен сый жасайтынын айтқан. Сонымен қатар ол жеңіске жету үшін бар білгенін аяп қалмайтынын айтты. 

Джейкобс болса Головкиннен қорықпайтынын және осы жекпе-жек үшін өмір бойы дайындалғанын айтқан. Америкалық боксшы орта салмақта бірінші болатынын да айтқан еді. 

Еске салайық, Головкин - Джейкобс жекпе-жегі 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. HBO арнасы бұл жекпе-жекті ақылы трансляциялар жүйесі (PPV) арқылы көрсетеді. Қазақстанда жекпе-жекті "Қазақстан" және KazSport арналары көрсетеді. Отандасымыздың бұл жекпе-жегін "Қазақстан" ҰТА мен "Kazsport" телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Трансляцияның басталуы 19 наурызда 08:00-де.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети