Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі жеңісінен кейін рейтингте 167 сатыға көтерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арман Рысбек кәсіпқой рингтегі жеңісінен кейін рейтингте 167 сатыға көтерілді

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Арман Рысбек (2-0, 1 КО) екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, өз дивизионында 167 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Арман Рысбек (2-0, 1 КО) екінші жекпе-жегінде жеңіске жетіп, өз дивизионында 167 сатыға көтерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Буэнос-Айресте (Аргентина) өткен бокс кешінде шаршы алаңға шықты. Қазақстандық боксшы төрт раундтық кездесуде жергілікті Виктор Леонардо Лотаны (0-2-1) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді. Рысбектің осы нәтижесі BoxRec рейтингінде 694-орынға көтерілуге мүмкіндік берді. 

Осы кеште тағы бір қазақстандық Бобиржан Моминов (5-0, 4 КО) шаршы алаңға шығып, алты раундтық кездесуде аргентиналық Карлос Андрес Чапарроны (7-22-1, 3 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша жеңді. Осылайша ол жартылай орта салмақта BoxRec рейтингінде 50 сатыға көтеріліп, жалпы тізімде 251-ші тұр. 

Айта кетейік, Моминов Сауль "Канело" Альварестің спарринг серіктесі болған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети