16 мамыр 2014 | 17:58

Асланлы Меджидов емес, сонда да Дычкоға ризамыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото confederation.kz сайтынан Фото confederation.kz сайтынан

Бокстан еліміздің ең ауыр салмақтағы саңлағы Иван Дычко әлем чемпионатынан кейін шаршы алаңға бірінші рет шығып, Ташкентте өтіп жатқан Сидней Джаксонды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Әзірбайжан боксшысын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Бокстан еліміздің ең ауыр салмақтағы саңлағы Иван Дычко әлем чемпионатынан кейін шаршы алаңға бірінші рет шығып, Ташкентте өтіп жатқан Сидней Джаксонды еске түсіруге арналған халықаралық турнирде Әзірбайжан боксшысын жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР бокс федерацияның баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, Иван өзбек жеріндегі халықаралық турнирдің ширек финалында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жеткен.

Айрықша көңіл аударарлығы, ол Ташкент шаршы алаңында Әзірбайжан боксшысы Асеф Асланлыны еш күмәнсіз жеңген. Төрешілер бір ауыздан жеңісті Иван Дычкоға беріпті – 3:0.

Әрине, Асеф Асланлы Қазақстан алыбының есесі кеткен Магомедрасул Меджидов емес. Әйтсе де, қазан айының аяғынан бері шаршы алаңға шықпаған Дычкоға бірден Әзірбайжан боксшысының тап болғаны да, кездейсоқтық емес, тағдырдың сыны шығар.
Иван бұл сыннан мүдірмей өтті. Ертең өзбек Баходыр Джалоловпен кездеседі. Ал Меджидовпен жолы әлі түйісе жатар...

Айтпақшы, Ташкент рингінде ел намысын абыроймен қорғау жауапкершілігі тек Дычкоға түсіп отыр. Өйткені қалған төрт боксшымыз жеңіліске ұшырап, шаршы алаңнан шығып қалған. Закир Сафиуллин (60 кенлі), Алмасбек Орынғалиев (69 келі), Сапарбай Айдаров (75 келі) және Нұрдәулет Жарманов (81 келі) кешеден бері Иванның жанкүйерлерінің қатарына қосылған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети