Қазақстандық "Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымында "Өзбек Тайгерс" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Қазақстандық "Астана Арланс" клубының боксшылары Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) жаңа маусымында "Өзбек Тайгерс" командасын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Айта кетейік, жекпе-жек Талдықорғанда өтті. 52 келіге дейінгі салмақта Олжас Саттыбаев пен Аброржон Қадыров бақ сынасты. Бес раундтың қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті.
Екінші жекпе-жекте Закир Сафиуллин (60 келі салмаққа дейін) Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Мурорджон Ахмадалиевты жеңіп шықты.
Ал үшінші жекпе-жекте қазақстандық боксшы Асланбек Шымбергенов Рио Ойындарының күміс жүлдегері Шахрам Гиясовпен жұдырықтасып, "Астана Арланс" клубына үшінші ұпайды алып берді.
vk.com әлеуметтік желісінен алынған сурет