Астанадағы бокс кеші: Айдос Ербосынұлының қарсыласы екінші раундқа шығудан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы бокс кеші: Айдос Ербосынұлының қарсыласы екінші раундқа шығудан бас тартты Боксшының жеке мұрағатынан алынған сурет

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (8-0, 7 КО) сегізінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (8-0, 7 КО) сегізінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.

26 жастағы Айдос Астанада өтіп жатқан бокс кешінің шеңберінде 29 жастағы әзірбайжандық Исмат Эйнуллаевпен (13-4, 9 КО) жұдырықтасты. Жекпе-жекте WBA Asia чемпиондық белдігі бәске тігілді.

Жекпе-жек он раундтқа есептелген, алайда алғашқы үш минутта Ербосынұлы қарсыласын екі рет нокдаунға түсірді, бірақ ол есін жиып, қайта жұдырықтасты.

Дегенмен, әзірбайжандық боксшы екінші раундқа шығудан бас тартты. Осылайша, Ербосынұлы техникалық нокаутпен жеңіп, WBA Asia белдігін иеленді.

Сонымен қатар, бұл кештің шеңберінде қазақстандық Бобиржан Моминов (7-0, 6 КО) грузиялық Георгий Блиадземен (7-7, 2 КО) жекпе-жек өткізіп, уақытынан бұрын жеңіске жетті, бұл оның қоржынындағы жетінші жеңіс.

Айта кетейік, бұл кештегі ең басты оқиға бірінші ауыр салмақта WBA (Regular) тұжырымы бойынша әлем чемпионының белдігі тігілетін кездесу болады, жекпе-жек қазақстандық Бейбіт Шүменов пен түркиялық боксшы Хизни Алтункая арасында өтеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети