Астаналықтар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін қолдау білдіру мақсатында өлең арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астаналықтар қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альварестен жеңілгеннен кейін қолдау білдіру мақсатында өлең арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл жобаға жеті жігіт қатысқан. Олар өлеңді видеоға түсіріп, YouTube желісінде жариялады. "GGG жекпе-жектерін бұрыннан тамашалап келемін. Оны спортшы және адам ретінде қатты құрметтеймін. Соңғы жекпе-жектің нәтижесіне көңіл күйім қатты түсті. Мен оған қолдау білдіргім келді, бірақ қалай істерімді білмедім. Бір досым маған өлең шығаруды, сосын оны видеоға түсіруді ұсынды. Барлығын өз күшімізбен жасадық - досым режиссер оқуын оқыған, түсіруге көмектесті. Қалған жігіт өлеңді оқып шықты", - дейді жоба авторы Саид Сапин.
Жоба мүшелері Геннадий Головкинге осы қолдау құлағына жетеді және видеоны көреді деп үміттенеді.
Айта кетейік, 16 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында жекпе-жек өтіп, төрешілер шешімімен мексикалық боксшы жеңіске жетті. Ал Головкин үшін бұл алғашқы жеңіліс болды.