Атақты промоутер Эл Хэймон Василий Левитке келісім шарт ұсынуға дайын

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атақты промоутер Эл Хэймон Василий Левитке келісім шарт ұсынуға дайын © box-yfo.ru

Атақты америкалық промоутер Эл Хэймон ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Василий Левитке кәсіпқой боксқа өту бойынша келісімшарт ұсынуға дайын. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне менеджердің агенті Алекс Вайсфельд мәлімдеген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атақты америкалық промоутер Эл Хэймон ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық Василий Левитке кәсіпқой боксқа өту бойынша келісімшарт ұсынуға дайын. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне менеджердің агенті Алекс Вайсфельд мәлімдеген.

"Маған қазақстандық боксшы Василий Левит ұнады. Хэймон оны дереу алады. Оған орта ауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы керек. Ол өнер көрсететін "Астана Арланс" клубымен бірлесе жұмыс істеуіміз мүмкін. Біз оны осында (Лос-Анджелесте - Авт. сөзі) дайындай аламыз, ал, олар Қазақстанда дамыта алады. Аз уақыттың ішінде біз оны әлемнің ең мықты кәсіпқой боксшыларының қатарына кіргізе аламыз", - деді Эл Хэймонның агенті.

Еске салайық, атақты маманмен Қазақстаннан шыққан ресейлік боксшы жұмыс істейді. Ол әлі жеңіліп көрмеген - Сергей Липинец (10-0, 8 КО).

Василий Левит әлемдік бокс сериясында (WSB) "Астана Арланс" клубының атынан өнер көрсетеді. 91 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қазақстандық Василий Левит кеше, 15 тамызда 91 келіге дейінгі финалдық кездесуде ресейлік боксшы Евгений Тищенкомен кездескен. Төрешілер Тищенкоға жеңіс берген кезде залда жиналған жанкүйерлер ысқырып, төрешілердің шешіміне өз наразылықтарын білдірді. Левит Рио Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети