Атақты Леннокс Льюис Головкин - Брук жекпе-жегіне қатысты ойын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атақты Леннокс Льюис Головкин - Брук жекпе-жегіне қатысты ойын айтты © bigmir.com

Аса ауыр салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, 50 жастағы Леннокс Льюис жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы әрі отандасы Келл Брук пен орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық Геннадий Головкинмен алдағы жекпе-жегіне қатысты ойын айтты, - деп хабарлайды Skysports.com.

Жеңіліп көрмеген боксшылар Лондонда 10 қыркүйекте кездеседі. Жекпе-жек 160 фунт лимитінде өтеді, алайда Брук 147 фунтта жұдырықтасатын. Льюистің пікірінше, екі салмақ дәрежесіне өту Бруктің ең үлкен қателігі болуы мүмкін.

"Екі салмақ дәрежесіне көтерілуі дұрыс деп ойламаймын. Брук - ұлы боксшы, қолынан осындай дүние келетін боксшылар аз. Брук - өз салмақ дәрежесінің королі. Енді ол орта салмақтың королі Головкинді жеңу үшін екі класқа жоғары көтерілуі тиіс. Брук өзіне сенімді, не істей алатынын сезеді, сонымен, не боларын көрейік. Осы екі айда ол көп күш жинай ала ма, білмеймін. Бірақ ол көп күш жинауы тиіс", - деп мәлімдеді Льюис.

Ал Брук болса 10 қыркүйекте әлімді есеңгірететінін мәлімдеп отыр. Бұл салмақ дәрежесінде ол өзін нағыз жыртқыш сезінеді екен.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети