Boxingnews24.com порталының шолушысы Шон Джонс Геннадий Головкин Сауль "Канело"Альвареспен өткен бірінші жекпе-жектен кездесуді төрешілер шешім шығаруға дейін апарудың еш пайдасы жоғын түсінді деп пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста өтті. Кездесу тең аяқталды. 118-110 ұпайын берген төреші үлкен дау туғызды. Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті. Сонымен қатар, WBC оларға 2018 жылы мамырда реванш өткізуге санкция шығарды.
"Канело" мен Головкин жекпе-жегі тең аяқталғанына еш таңғалған жоқпын, себебі мексикалықтың аты жер жарып тұр. "Канелоның" бокста айтарлықтай орны бар, сол себепті де ол төрешілер шешімімен жеңілмейді. Егер реваншта GGG мексикалықты нокаутқа түсірмесе, онда жеңіліс табады. Сауль мықтап дайындалады, Головкин ең мықты өнер көрсетті деген күннің өзінде де төрешілер қазақстандыққа жеңісті бере қоймайды. Головкин "Канеломен" жұдырықтасқанда сақ жүремін деп жеңістен айырылып қалды. Ол төрешілерге сенудің қажет еместігін түсінген шығар, себебі атың Флойд Мейвезер болмаса "Канелоны" төрешілер шешімімен жеңу мүмкін емес", - деп жазған автор.
Айта кетейік, Альварестің жалғыз жеңілісі америкалық Флойд Мейвезерден 2013 жылы болған. Сонымен қатар, ол Хорхе Хуареспен (2006) және Геннадий Головкинмен (2017) тең түсті.