08 шілде 2020 | 10:19

Ауыр салмақта жеңілмеген қазақстандық нокаутшы жекпе-жекке шығатын күн белгіленді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкийдің (13-0, 12 КО) Германиядағы шілденің басына белгіленген жекпе-жегі шектеулерге байланысты тағы шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Суперауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Жан Кособуцкийдің (13-0, 12 КО) Германиядағы шілденің басына белгіленген жекпе-жегі шектеулерге байланысты тағы шегерілді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, 4 шілдеде өтуі тиіс жекпе-жек 2020 жылдың  30 шілдесіне ауыстырылды. Өтетін орын мен қарсылас кейін белгілі болады. 

31 жастағы қазақстандық 2020 жылы бір жекпе-жек өткізіп үлгерді, Дубайдағы кездесуде ол 29 жастағы ганалық Абрахам Табулды (17-4-1, 14 КО) екінші рандта нокаутқа түсірген.

Еске салайық, 2019 жылы қазақстандық боксшы Гамбургте 30 жастағы хорватиялық Агрон Смакичиді (15-1, 13 КО) нокаутпен жеңіп, IBO ұйымының құрлық аралық титулын иеленген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети