Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы "Годзиланы" жеңді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы "Годзиланы" жеңді Жан Кособуцкий. Фото: Shamo Boxing Promotions©

Ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий WBA International белбеуін жеңіп алды. Кособуцкий "Годзилла" деген атпен танымал нигериялық Онориоде Евариемені жеңді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

Спортшылар Гамбургте өткен кеште бос титул үшін жекпе-жекке шықты. Бокс 12 раундқа есептелген, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды. Үшінші раундта Кособуцкий қарсыласын нокдаунға жіберді, ал төртінші раундта нокаутқа түсірді.

Профи рингте жеңіліп көрмеген қазақстандық осымен 15-рет жеңіске жетті және оның он төртін мерзімінен бұрын аяқтады. Ал Евариеме екінші рет жеңіліп қалды.

"Мен ұзақ шайқасқа дайындалдым және үнемі нокаутқа түсіруге тырыстым. Солай болды, қуаныштымын. Жалпы, үздіктердің ішінен менімен қарсылас болғысы келетіндермен жекпе-жекке дайынмын", - деді боксшы жеңістен кейін рингте.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети