Бірінші ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Али Балоев нигериялық Афинни Абиодунды уақытынан бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Бірінші ауыр салмақта өнер көрсетіп жүрген қазақстандық боксшы Али Балоев нигериялық Афинни Абиодунды уақытынан бұрын жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жек Мәскеуде өтті. Кездесу сегіз раундқа созылады деп жоспарланған, алайда Балоев кездесудің соңына жақындағанда қарсыласын нокаутқа түсірді.
25 жастағы Балоев үшін бұл сегіз кездесудегі сегізінші жеңісі (оның жетеуін нокаутпен аяқтаған). Ал Абиодун Африка құрлығынан бірінші рет сырт елде өнер көрсетіп, спорттағы екінші жеңілісі. Ол осыған дейін алты кездесуде жеңіске жетіп, бесеуін мерзімінен бұрын аяқтаған. Сондай-ақ, бір кездесуде тең түскен.
Мәскеуде өткен бокс кешінде қазақстандық Айдос Ербосынұлы (10-0, 8 КО) бельгиялық Илияс Ачергиді (12-4-1, 6 КО) мерзімінен бұрын жеңіп, екінші орта салмақта WBO Global белбеуін иеленді, ал Нұрсұлтан Жаңабаев (6-0, 4 КО) болса төрешілер шешімімен филиппиндік Арней Тинампайды (25-23-1, 11 КО) жеңіп, бірінші орта салмақта WBC Asia белбеуін иеленді. Сондай-ақ кәсіпқой бокста тұңғыш рет өнер көрсеткен Константин Брусенский қарсыласын нокаутқа түсірді.