10 сәуір 2018 17:17

Айдар Шәрібаевтың қатысуымен өтетін бокс кешінде өнер көрсететін боксшылардың тізімі анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© diamondring.kz © diamondring.kz

12 сәуірде Калифорния штатының Индио қаласында "Golden Boy" промоутерлік орталығының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл кеште жерлесіміз Айдар Шәрібаев пен америкалық Эндрю Канчионың жекпе-жегінен бөлек, тағы төрт кездесу өтеді, - деп хабарлайды diamondring.kz порталы.


12 сәуірде Калифорния штатының Индио қаласында "Golden Boy" промоутерлік орталығының ұйымдастыруымен кәсіпқой бокс кеші өтеді. Бұл кеште жерлесіміз Айдар Шәрібаев пен америкалық Эндрю Канчионың жекпе-жегінен бөлек, тағы төрт кездесу өтеді, - деп хабарлайды diamondring.kz порталы.

Порталдың мәліметінше, алдымен шаршы алаңға калифорниялық Хавьер Падилья мен мексикалық Рикардо Ариас шығады. Аса жеңіл салмақ дәрежесіндегі қос құрдастың (екеуі де 22-де) кездесуі 6 раундқа жоспарланып отыр. Кезінде екеуі тең түскен еді. Бұл реванш.

Одан кейін сегіз раундтық жекпе-жекте филиппиндік Рекки Дюлэй мен жеті жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен шаршы алаң қожайыны Дженаро Гамес жұдырықтасады.

Осы кеште рингке үшінші айқасқа шығатын жапон боксшысы Шоки Сакайға оңай болмайтын сияқты. Оның қарсыласы - шаршы алаң қожайыны Джонатан Наварро кәсіпқой бокста 13 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Соның жетеуінде қарсыласын құлатқан.

Төртінші жекпе-жек жерлесіміз Айдар Шәрібаев пен жергілікті Эндрю Канчио арасында өтеді. Ал кештің басты айқасында шаршы алаңға мексикалық Франсиско Варгас пен америкалық Род Салька шығады.

"Бандит" деген лақап атқа ие Варгастың жекпе-жектері әрдайым қызықты. Жапониялық Такаши Миюрамен 2015 жылғы кездесуі және Орландо Салидомен 2016 жылғы жекпе-жектері "The Ring" журналының тұжырымы бойынша, жылдың үздік айқастары атанған еді. Дегенмен, қарсыласы да оңай шағылар жаңғақ емес. Бұған дейін бірінші жартылай орта салмақ дәрежесінде жұдырықтасып келген. Тіпті, Дэнни Гарсиямен де кездескен.

Бұл кездесу 10 раундқа созылады деп жоспарланып отыр. Жекпе-жек 13 сәуірде көрсетіледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети