Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы екінші орта салмақта WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Ол Нұр-Сұлтанда гайаналық Аллен Ленноксты жеңді. 12 раундқа жоспарланған кездесу оныншы раундта аяқталды - Ербосынұлы қарсыласын нокаутқа түсірді. Осы жеңісінен кейін ол WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына үміткер атанып отыр.
Еске салайық, "Көшпенділер шайқасы 2" кешінің кардында бірқатар қазақстандық боксшы шықты. Фируза Шәріпова бұрын бокста жекпе-жек өткізіп көрмеген қарсыласын нокаутқа түсірді. Ал Данила Семенов төртінші жеңісіне қол жеткізді. 21 жастағы Евгений Павлов екінші жеңіл салмақта WBA International титулын иеленді. Ал Азия чемпионы Бек Нұрмағанбет екінші орта салмақта WBA International титулын жеңіп алды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!