Boxingnews24.com тілшісі Дэн Эмброуз қазақстандық боксшы Геннадий Головкинге лайықты қарсыластың бірінші орта салмақта өнер көрсететіндердің арасынан табылып қалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сарапшының айтуынша, Сондерс үшін Головкинмен жұдырықтасу тиімсіз. Эмброуз Головкин - Сондерс кездесуінің PPV арқылы таратылатынына күмән келтірді. "Бұл кездесу АҚШ-та ақылы көрсетілетін жекпе-жектердің деңгейінде емес", - деді ол.
Спорт тілшісінің айтуынша, GGG үшін лайықты қарсылас табу қиынға соғады. "Джонсоннан (Головкин иелік өтетін IBF титулына негізгі үміткер) басқалары аса танымал емес. Леффлер Энди Лиге ұсыныс жасауы мүмкін, дегенмен ол Сондерстен жеңілгеннен кейін бұл жекпе-жекке келісім беруі екіталай. Бірінші орта салмақта Головкинді қызықтыра алатын бірнеше боксшы бар, дегенмен Леффлердің шәкіртін 154 фунтқа түсіруге келісетініне күмәнім бар", - деді ол.
"Бірінші орта салмақта Деметриус Андраде, Джермелл және Джермелл Чарло, сонымен қатар Лиам Смит қазақстандық боксшыға қауіпті қарсылас бола алады. Олардың ішінде кем дегенде біреуі Головкинмен жұдырықтасуға келісім береді", - деді Эмброуз.