Азия-2026: қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын жеңіп, финалға шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Азия-2026: қазақстандық боксшы қытайлық қарсыласын жеңіп, финалға шықты Фото: instagram.com/boxingkazakhstan/

Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.


Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалына шықты, деп хабарлайды Tengri Sport.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі 1/2 финалда отандасымыздың қарсыласы 19 жасқа дейінгілер арасындағы Азия чемпионы, қытайлық Алимире Абудурейиму болды.

Жекпе-жек 5:0 есебімен қазақстандық спортшының пайдасына аяқталды - барлық төреші әр раундта жеңісті Бақытқа берді.

Айта кетейік, Бақыттың өзі де 22 жасқа дейінгі санатта Азия чемпионы атағына ие.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@seiidish жарияланымы

Айта кетейік, 2026 жылғы бокстан Азия чемпионатының жартылай финалына Қазақстаннан бірден 13 спортшы жолдама алды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 475.63   557.14   6.08 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети