KZ RU EN
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 340.10
EUR / KZT - 379.04
CNY / KZT - 50.93
RUB / KZT - 5.22

БАҚ Головкин мен Альварес жекпе-жегінің қашан өтетінін анықтады

06 Желтоқсан 2015, 10:08
0
© fightsaga.com
© fightsaga.com

БАҚ Головкин мен Альварес арасындағы жекпе-жектің қашан өтетінін анықтады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxingNews24.com өкілі Дэн Эмброуздың мәліметінше, WBC президенті Маурисио Сулейман Альвареске Головкинмен кездесудің орнына орта салмақтағы титулын сақтап қалу үшін ерікті жекпе-жек өткізуге рұқсат бере алады.

Журналистің хабарлауынша, Альварес ол кездесуін келесі жылдың мамыр айында, ал Головкинмен жекпе-жегін қыркүйекте өткізуі мүмкін. Бұл екі ай да мексикалықтар үшін мерекелік ай болып табылады, сондықтан қаржы да молынан түсуі ықтимал.

Егер Альварес пен Головкин белгіленген уақытқа дейін бір келісімге келмесе, WBC мексикалықты титулынан айырып, қазақстандық боксшыға береді. Боксшылардың бір келісімге келе алмауы дене салмағына байланысты болып тұр. Альварес Головкинмен жекпе-жекті 155 фунтта ғана өткізуге келісіп отыр.

Айта кетейік, WBC басшылығы Сауль "Канело" Альварес (46-1-1, 32 КО) пен Геннадий GGG Головкиннің (34-0, 31 КО) келіссөздер жүргізу уақытын 11 желтоқсанға дейін ұзартты.


Нравится
Пікір қалдырыңыз