Америкалық Forbes журналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның спорттағы мансап жолына сараптама жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Америкалық Forbes журналы қазақстандық боксшы Геннадий Головкинның спорттағы мансап жолына сараптама жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Басылым GGG-дің ұлы деп боксшы екеніне күмән келтіреді. "Геннадий Головкин - нокауттар машинасы, бірақ оның көрсеткіші алдамшы" мақаласы осы мәселеге арналыпты.
"Головкинның 36 жеңісінің 33-і нокаутпен аяқталған, ол 23 рет қатарынан атағын қорғады, бірақ, оған өзінің ұлылығын 160 фунт салмақтағы мықты қарсыласының алдында дәлелдеу керек. Дэниэл Джейкобс сондай қарсылас па? Олай емес. Бірақ ол Головкинмен осыған дейін кездескен боксшылардың ішіндегі ең қауіптісі. Олар әлі гонорар үшін күресіп жатыр. Егер келісімге қол қойылса, Головкин мен Джейкобс Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында кездеседі. Жекпе-жек HBO немесе PPV ақылы трансляция жүйесі арқылы көрсетілуі мүмкін. Олай бола ма, жоқ па белгісіз, бірақ бұл Головкинге қажет жекпе-жек. Головкин үш қарсыласын ғана жеңе алмаған. Дегенмен, онымен кездескендер тым әлсіз. 2009 жылы Головкин 10-0 статистикасы бар Михаил Макаровпен жекпе-жек өткізді. Содан бері ол жеңіліп көрмеген боксшылармен осы жылдың басына дейін кездеспеді.
Сонымен бірге, ол сыйлы чемпиондармен аз кездесті. Олардың ішінде Давид Лемье ғана белгілі.
Егер Головкинның кәсіпқой бокстағы жолына көз жүгіртсек, онда мықты қарсыластың болмағаны анық байқалады. Ендеше оны қалайша ұлы боксшы деп айта аламыз? Оның жақтастары қарсыластарының қашып жүргенін айтады, бірақ олай бола бермеген шығар. Уорд Головикиннен қорықса, неге Ковалевтен де қашпады? Шын мәнінде Уорд Головкинды жекпе-жекке шақырған, ал оның командасы келіссөздер жүріп жатыр деп жанкүйерлерге өтірік айтты. Мен Головкин өзін ешқашан көрсете алмайды деп тұрғаным жоқ. Бірақ оның қолы мықты қарсыласты жеңгеннен кейін жоғары көтерілуі керек", - деп жазады Forbes тілшісі.
Еске салайық Головкин 2017 жылы төрт жекпе-жек өткізуді жоспарлап отыр. Бірінші қарсылас Дэниэл Джейкобс болады. 19 желтоқсанда осы жекпе-жек бойынша промоутерлік сауда өтеді.