"Баку оттарына" қарсы шығатын "арландар" анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Баку оттарына" қарсы шығатын "арландар" анықталды Фото flickr.com сайтынан алынды

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын "Астана арландары" клубы әзірбайжандық "Baku Fires" командасымен өтетін алғашқы жартылай финалдық кездесуге қатысатын боксшылардың есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүкіләлемдік бокс сериясында (WSB) ел намысын қорғайтын "Астана арландары" клубы әзірбайжандық "Baku Fires" командасымен өтетін алғашқы жартылай финалдық кездесуге қатысатын боксшылардың есімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Астана арландарының" бас бапкері алдағы кездесуге екі құрамды дайындап отыр. Егер, жартылай финалға дейін қайсыбір боксшы жарақат алып қалса, оны екінші боксшы алмастыратын болады. Сонымен "Баку оттарына" қарсы шығатын боксшыларға тоқталсақ. Сергей Корчинский 49 келіде Мардан Берікбаевты дайындап жатыр. Оны Теміртас Жүсіпов алмастыруы мүмкін. 56 келіде Мәди Шолақов жұдырықтасады. Оны алмастыратын боксшы - Бағдат Әлімбеков.

64 келіде Жәнібек Әжібайға мүмкіндік беріліп отыр. Бұл салмақтағы бірінші нөмірлі боксшысы Асхат Уәлиханов қосалқы құрамға енгізілді. Жанкүйерлер 75 келіде Ерік Әлжановты шаршы алаңнан көре алады. Сергей Деревянченко оны ауыстыруға дайын.

Соңғы болып шаршы алаңға 91 келі салмақта Василий Левит шығады. Екінші құрамда - Арбек Әбдіғаниев. Ал әзірбайжандық команданың құрамы әлі жарияланған жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана арландары" Дүниежүзілік бокс сериясының төртінші маусымында әзірбайжандық "Baku Fires" командасына қарсы бірінші кездесуін 26 сәуірде Астанада, ал қарымта матчты 3 мамырда Бакуде өткізеді. Елордадағы кездесу республикалық "Сарыарқа" велотрегінде өтеді деп жоспарлануда. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети