Қазақстандық Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес "Р-Спорт" баслымына берген сұхбатында GGG-дің жақын арада ауыр салмаққа өтуі туралы айтып, кездесуі мүмкін қарсыластарын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық Геннадий Головкинның бапкері Абель Санчес "Р-Спорт" баслымына берген сұхбатында GGG-дің жақын арада ауыр салмаққа өтуі туралы айтып, кездесуі мүмкін қарсыластарын атады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
"Головкин 18 наурызда Дэнни Джейкобспен кездесуі керек, ал жекпе-жек HBO арнасынан көрсетіледі. Қарсылас әлі жауабын берген жоқ, жекпе-жек Нью-Йоркте өтуі мүмкін. Бұл міндетті атақ қорғау, сондықтан Джейкобс мұны қаламаса да жекпе-жек өткізуге міндетті", - деп келесі жылғы жоспарларын бөлісті бапкер.
Сонымен бірге, Санчес спортшының ауыр салмаққа өтуі және кездесуі мүмкін қарсыластары туралы да сөз қозғады.
"Головкин барлық атақты жиған соң, екінші орта салмаққа өтеді. Онда қызығушылық танытып отырған қарсыластар бар. Сосын жартылай ауыр салмақ бар, егер жақсы өнер көрсете алса, онда Андре Уорд, Сергей Ковалев және тағы көптеген жігіттер бар", - дейді Санчес.
"Р-Спорт" тілшісі pound for pound рейтінгі жайында бапкердің пікірін сұрап, онда қазір Роман Гонсалес көш бастап тұрғанын тілге тиек етті.
"Меніңше, Головкин өзге спортшыларға қарағанда pound for pound бойынша басым тұр. Нақты қазір емес, жалпылай. Менің пікірім - ол бірінші нөмірдегі боксшы", - деп аяқтады сөзін Абель Санчес.