Сергей Деревянченконың жеке бапкері Сергей Корчинский Vesti.kz тілшісімен сұхбат кезінде Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.
Сергей Деревянченконың жеке бапкері Сергей Корчинский Vesti.kz тілшісімен сұхбат кезінде Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегіне қатысты ойын айтты.
"Геннадий бірінші болып қарсыласын қыспаққа алатын шығар. Бірақ бұл жерде "Канело" өзін қалай ұстайтыны қызық болып тұр? Ол корпуспен жақсы қорғанады, оның үстіне соққы жасауы да мүмкін. Мүмкін ол кейін шегініп, көп қозғалып, ұзақтан қарсы соққы жасауы мүмкін. Тағы қосарым, ол Головкиннің соңғы екі жекпе-жегін негізге алады, ол жерде қазақстандық боксшымен рингте өзіңді қалай ұстау керегін білдіретін сәттер жетерлік", - дейді маман.
Айтуынша, қорғаныста кемшілік бар. "Головкин ұзақтан жасаған соққыны жиі өткізіп алады. Шынын айтсам, Альварестің соққыларын сезініп көргенім жоқ (күлді). Бірақ оның соққылары күшті деп ойлаймын, өйткені ол жылдам, атылып тұр", - дейді бапкер.
Бапкер боксшылардың жеңіске деген мүмкіндіктері тең екенін айтады.
"Нақты айта алмаймын, 50-ге 50. Мен өз ойымды ғана айтып отырмын", - дейді ол.
Еске салайық, Головкин-Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекке белгіленген. Кездесу Лас-Вегаста өтеді. Боксшылар жекпе-жекті жарнамалауға бағытталған медиатурларын бастап та кетті. Баспасөз мәслихатында ұлыбританиялық боксшы Билли Джо Сондерс қонақ болып келіп, әлеуетті қарсыластарының назарын өзіне бұра алды.