01 мамыр 2019 | 16:17

"Барлығы Альварестің қолында". "Канелоның" промоутері Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен "Канело" Альварес. Фото: HBO Boxing Геннадий Головкин мен "Канело" Альварес. Фото: HBO Boxing

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес LA Times басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Golden Boy Promotions промоутерлік компаниясының президенті Эрик Гомес LA Times басылымына берген сұхбатында мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (51-1-2, 35 КО) қазақстандық экс-чемпион Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) үшінші жекпе-жек өткізуіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Айта кетейік, боксшылар осыған дейін екі рет кездескен болатын - Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да.

"Барлығы Альварестің қолында. Альварес қалай шешеді, солай болады", - деді Гомес сұхбатында.

Биыл 4 мамырда "Канело" дәл осы аренада IBF чемпионы америкалық Даниэл Джейкобспен (35-2, 29 КО) жұдырықтасады. Мексикалық осы жекпе-жекте жеңіске жетсе, қыркүйекте Головкинмен үшінші кездесу өткізеді деп болжанып отыр.

Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу туралы ойымнан айнымадым - Головкин

Айта кетейік, Геннадий Головкин келесі жекпе-жегін 8 маусымда Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткізеді. Оның қарсыласы - канадалық Стив Роллс.

Уалихан Қосанбай

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети