"Басқасы қызық емес!". Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Басқасы қызық емес!". Жәнібек Әлімханұлы әлем чемпиондарын жекпе-жекке шақырды Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Орта самлақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) тағы да әлем чемпиондарын айқасқа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Орта самлақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (10-0, 6 КО) тағы да әлем чемпиондарын айқасқа шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Маған тек чемпиондық жекпе-жек керек, басқасы қызық емес! Мен WBO рейтингінде екінші орындамын. Мен кез келген чемпионды жеңемін. Жыл соңына дейін әлем чемпионы болуым керек. Маған титулы жоқ боксшылар керек емес. Мен осыған дейін бұрынғы әлем чемпионын жеңгенмін", - деп жазыпты Әлімханұлы Twitter-дегі парақшасында. 

Еске салайық, қазақстандық боксшы маусымда өткен кейінгі жекпе-жегінде бұрынғы әлем чемпионы америкалық Роб Брантты мерзімінен бұрын жеңді.

Жекпе-жектен кейін Әлімханұлы WBO-ның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андрадені айқасқа шақырып, жетінші-сегізінші раундта нокаутқа түсіруге уәде берді.

Айта кетейік, дивизиондағы басқа да чемпиондық атақтарға америкалық Джермалл Чарло (WBC), жапониялық Риота Мурата (WBA Super) және қазақстандық Геннадий Головкин (IBF және IBO) ие.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети