23 мамыр 2022 16:34

"Басымды қатерге тіктім". Әлімханұлынан таяқ жеген боксшы алғаш рет пікір білдірді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

Ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-1-1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (12-0, 8 КО) жеңілгеннен кейін алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық Дэнни Дигнум (14-1-1, 8 КО) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлынан (12-0, 8 КО) жеңілгеннен кейін алғаш рет пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Ол Жәнібек пен оның командасын құттықтады.

"Мықты боксшыға қарсы кездесуде жеңілдім. Жекпе-жекке келісімімді беріп, басымды қатерге тіккенімді алдын ала білдім. Алайда бұл айқастан бас тартқым келмеді. Маған қолдау көрсетіп жүрген баршаңызға алғыс айтамын. Сонымен қатар, демеушілерге рақметімді айтамын. Жәнібек пен оның командасын құттықтаймын. Ол өте мықты боксшы. Аздаған үзілістен кейін қайта ораламын", - деді Дигнум.

Реклама
Реклама

Еске салайық, Лас-Вегастағы бокс кешінде Жәнібек Әлімханұлы ұлыбританиялық қарсыласын екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram