22 мамыр 2022 08:19

Әлімханұлы қарсыласын нокаутқа түсіріп, уақытша әлем чемпионы атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша "тұрақты" әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.


Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBO) тұжырымы бойынша "тұрақты" әлем чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өткен жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Әлімханұлы бірден қарсыласына қысым жасап, бірінші раундта Дигнумды нокдаунға түсірді. Ал екіншісінде ұлыбританиялық күшті соққыны жіберіп алып, терең нокаутқа түсті.

Орта салмақта WBO әлем чемпионы титулы америкалық - Деметриус Андрадеде (31-0, 19 КО), оны ұйым Әлімханұлымен жұдырықтасуға міндеттеген. Егер америкалық жекпе-жектен бас тартса, Әлімханұлы титулды жекпе-жексіз жеңіп ала алады.

Әлімханұлы 12-ші жеңісіне жетіп отыр, оның сегізін мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Дигнум карьерасында алғаш рет жеңіліп отыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети