Батыр Жүкембаев әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге жақындады - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Жүкембаев әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге жақындады - БАҚ Батыр Жүкембаев. Фото: Eye of the Tiger Management©

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге жақындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бірінші жартылай орта салмақта өнер көрсететін Батыр Жүкембаев (18-0, 14 КО) әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек өткізуге жақындады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Primerahora.com мәліметінше, Жүкембаевтың келесі қарсыласы пуэрторикалық Сабриэль Матиас (16-1, 16 КО) болауы мүмкін. Жекпе-жек мамырға жоспарланған.

Жүкембаев - Матиас жекпе-жегінің жеңімпазы IBF рейтингінде екінші орынға көтеріліп, Льюис Ритсон (21-1, 12 КО) - Йеремиас Понсе (27-0, 17 КО) кездесуінің жеңімпазымен жұдырықтасуға мүмкіндік алады. Жеңімпаздар арасындағы жекпе-жекте жеңген боксшы бірінші жартылай орта салмақта IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулына міндетті үміткер атанады. 

Жүкембаев рингке соңғы рет биыл қаңтарда шығып, Монреальда мексикалық Рикардо Лараны (22-8, 10 КО) нокаутпен жеңген болатын. Бұл кездесуде ол бірінші жартылай орта салмақта WBA Continental Americas және IBF Inter-Continental титулдарын қорғаған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети