17 наурыз 2019 11:56

Батыр Жүкембаев бокс кешінің басты кездесуінде жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Жүкембаев. © Eye of the Tiger Management Батыр Жүкембаев. © Eye of the Tiger Management

Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы кезекті жеңісіне қол жеткізді, - деп хабарлайды Vesti.kz. Канаданың Монреаль қаласында өткен рейтингтік жекпе-жекте өнер көрсеткен қазақстандық боксшының кездесуі бокс кешінің басты оқиғасы болды. 

Жүкембаев шаршы алаңда мексикалық Хильберто Месаға қарсы жұдырықтасты. Былтыр наурызда осы боксшы тағы бір қазақстандық боксшы - Абылайхан Құсайыновтан жеңілген еді. 

Бірінші жартылай орта салмақта өткен кездесу толық 10 раундтан тұрды және төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша қазақстандық боксшы жеңіске жетті. 

Жеңіліссіз келе жатқан Жүкембаев үшін бұл кәсіпқой бокстағы 15-ші жеңіс. Сонымен қатар, ол алғаш рет жеті раундтан жоғары кездесу өткізді, 

Негізінде Жүкембаев басқа бір мексикалық боксшы - Карлос Хименеспен жұдырықтасуы керек болған, алайда кездесуге бірнеше күн қалған уақытта қарсылас ауысып кетті. Бастапқыда Хименеспен Данияр Елеусінов жұдырықтасуы керек болған, алайда ол Жүкембаевты таңдаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети