Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың шаршы алаңға шығатын күні анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың шаршы алаңға шығатын күні анықталды

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық кәсіпқой боксшылар Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайыновтың келесі жекпе-жегінің қашан өтетіні белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмаған отандастырымыз кезекті жекпе-жегін наурыз айының соңына таман өткізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы кәсіпқой боксшылар өздерінің инстаграмдағы ресми парақшасында жария етті. Олар өз сөздерінде: "Құрметті жанкүйерлер, келесі жекпе-жегімді 31 наурызда Канадада өткіземiн. Бұйырса, алдағы кездесуде баршаңызды жеңіспен қуантамын деген ойдамын", - дейді Жүкембаев. Абылайхан да дәл осылай өзінің жекпе-жегінің қашан өтетіні жайлы мағлұмат берді.

Айта кетейік, Батыр Жүкембаев пен Абылайхан Құсайынов Канадада жаттығып, атақты промоутер Анна Ревамен бірге жұмыс істейді. Абылайхан Құсайынов кәсіпқой бокста 7 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жетсе, бесеуін уақытынан бұрын аяқтаған. Ал Жүкембаев 11 кездесу өткізіп, 9 жекпе-жегін уақытынан бұрын аяқтаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети