Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыр Жүкембаев соңғы жекпе-жегі үшін қанша гонорар алды?

Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық кәсіпқой Батыр Жүкембаев мексикалық Мигель Васкеспен титулды жекпе-жегіндегі жеңіс үшін 43 мың доллар алды, - деп хабарлайды Vesti.kz боксшының командасына жақын мәлімет көзіне сілтеме жасап.

Бұл жекпе-жек Монреальда өткен бокс кешінің басты оқиғасы болды. Бұл кездесуге WBA Continental және IBF Inter-Continental аймақтық белбеулері сарапқа салынды.

Джукембаев - Васкес жекпе-жегі толық он раунд өтіп, қазақ боксшы төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңді.

Осылайша, 28 жастағы Жүкембаев карьерасында жеңілмеген боксшы болып қалды - ол барлық 17 жекпе-жегінде жеңіске жетті (13 нокаут), ал 32 жастағы Васкес тоғызыншы рет жеңілді, сонымен бірге, мексикалықтың 41 жеңісі бар (15 нокаут).

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети