Былтыр әуесқойлар арасында әлем чемпионы атанған 22 жастағы Бекзад Нұрдәулетовтің кәсіпқой бокстағы бірінші қарсыласы анықталды, - деп хабарлайды SULEIMEN Promotions промоутерлік компаниясының баспасөз қызметі.

Нұрдәулетов кәсіпқой бокстағы бірінші кездесуін 31 қазанда Атырауда өткізеді. Оның қарсыласы 28 жастағы танзаниялық боксшы Ибрагим Маокола (14-9, 9КО) болады.
Сондай-ақ, бұл бокс кешінде 2017 жылы Азия біріншілігінің күміс жүлдегері Абылайхан Жүсіпов те шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 24 жастағы танзаниялық Мешак Мванкемва (14-9, 9КО) болады.
Айта кетейік, Нұрдәулетов пен Жүсіпов әуесқой бокста Қазақстан құрамасының көшбасшылары. Бұл екі боксшы да Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!