22 қыркүйек 2019 | 10:13

Бекзат Нұрдәулетов бокстан әлем чемпионында алтын иеленді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдәулетов Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен 2019 жылғы бокстан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

81 келіге дейінгі салмақ категориясында өнер көрсеткен Нұрдаулетовтың ақтық сындағы қарсыласы өзбекстандық 20 жастағы Дилшодбек Рузметов болды. Екі боксшы үшін де бұл Әлем чемпионаты карьерасындағы дебют болды.

2019 жылғы әлем чемпионатының финалына дейін Нұрдәулетов оңтүстік кореялық Хонг Ингиді, венесуэлалық Корбай Баррераны, бразилиялық Кено Мачадоны, түрік Байрам Малканды және кубалық Олимпиада чемпионы Хулио Сесар ла Крусты жеңді. Сонымен қатар, қазақстандық осы бес қарсыластың төртеуін, Мачадодан басқа, нокдаунға жіберді.

21 жастағы Нұрдәулетов 2019 жылғы ӘЧ-на Қазақстан құрамасынан алғашқылардың бірі болып шықты. Әзірше ақтаулық боксшының карьерасындағы басты жетістік - жастар арасындағы ӘЧ-2016-да қола жүлдеге ие болуы.

Онымен қоса, 2009 жылдан бері 81 келіге дейінгі салмақта чемпион алғаш өзгерді. Себебі 2011, 2013, 2015 және 2017 жылдардағы турнирдің жеңімпазы ла Крус болған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети