Белгілі меценат, қазақстандық кәсіпкер Бауыржан Оспанов әлемнің екі дүркін чемпионы, 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын боксшы қыз Назым Қызайбайға үй салып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы боксшы Instagram әлеуметтік желісінде сүйіншіледі.

Салеметсіздер ме менің құрметті инста оқырмандарым. Мен 2014 жылы бірінші рет Әлем чемпионатын ұтқанда Бауыржан Оспанов ағамыз маған көлік сыйлаған еді,ал 2016 жылы Мамыр айында,өзіміздін Астанада өткен Әлем чемпионатының жеңіпазы болып, Әлемнің екі дүркін чемпионы атанғанда маған және ата-ана,бауырларыма улкен уй салып беремін деген еді, міне, қазір сол уйге көшіп келдік. Осындай ағамызға барлық отбасмыздың атынан ҮЛКЕН РАХМЕТ айтқым келіп отыр! Осындай Бауыржан агамыздай, Қазақтың спортқа деген барлық жағынан көмектесіп,көңіл бөліп жүрген ағаларымызға мыңда бір РАХМЕТ!!! АМАН БОЛЫҢЫЗ БАУЫРЖАН АҒА!", - деп сүйінші хабарын жазды боксшы.