Бокс әлемінде белгілі бапкер әрі сарапшы Тедди Атлас қазақстандық Геннадий Головкинді неліктен pound-for-pound бойынша мықты боксшы деп санамайтынын түсіндірді, - деп хабарлайды Vesti.kz сайтының қазақ бөлімі. Атластың айтуынша, Головкиннің боксқа қабілеті төмендеп кеткен.

"Барлығы Головкинді біледі. Бірақ ол Супермен емес, оны да жеңетіндер бар. Осал тұстары бар, Келл Брук және Дэниэл Джейкобс осы әлсіздігін ашып берді. Головкин баяулап қалған, 35 жасқа келгенін ескеру керек. Ол маған ұнайды, мықты боксшы, бірақ, ол pound-for-pound бойынша үздік ондыққа кірмейді. Бұл бос сөз емес, мен нақты деректерге сүйеніп айтып отырмын. Меніңше, P4P деңгейіндегі боксшы - жәй ғана мықты жігіт емес, одан жоғары болу керек. Мен үшін алғашқы ондыққа кіретін жігіттер - Ломаченко, Кроуфорд, таланты мен техникасы да бар, сонымен қоса, ақылды спортшылар. Өзін дамытып, ілгерілей алғандар", - дейді ол.
Сонымен қатар, ол кейінгі екі жылда Головкиннің ілгерлегенін байқағанын айтады. "Оны құбыжық дейді, олай емес. Ол Еуропадан келген алғашқы орта салмақта жұдырықтасатын 35-36 жастағы жігіттерді ғана жеңді. Ешкімді де жеңбеді дегенім емес, тек жеңген боксшылары қорқынышты қарсылас болған жоқ. Мәселен, Ломаченко сияқты денемен жақсы қимылдаса, басқа кемшіліктеріне көз жұмуға болар еді. Бұл адамдарға ұнай қоймас, дегенмен, мен төрелік тәжірибеме сүйене отырып айтарым осы. Мүмкін уақыт өте ол ондыққа кіретін шығар", - дейді Атлас Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.