Берд пен Трелла қайда қарап отырған? Головкин Альваресті оңай жеңді - Боб Арум

Боб Арум. © Tha Boxing Voice

Top Rank промоутерлік компаниясыны? басшысы Боб Арум орта салма?та WBA (Super), IBO, WBC ж?не IBF т?жырымдары бойынша ?лем чемпионы ?аза?станды? боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалы? Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде т?решілерді? шы?ар?ан шешіміне наразы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес жекпе-жегінде төрешілердің шығарған шешіміне наразы болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

"Головкин оңай жеңді. Раундтар бойынша мен сегіз де төрт болды деп ойлаймын. Бұл жерде дауласатын ештеңе де жоқ. Төрешілік етуде Аделаида Бердтің былықтырғаны. Бірақ жетінші раундта Трелла қайда қарап отырды? Ол қалай "Канелоға" жеңісті берді, дәл сол раундта Головкин Альваресті сабады ғой. Бұл не болды өзі?", - деді Арум ESPN басылымына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Лас-Вегаста өткен жекпе-жек 12 раундтан тұрды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Головкин мен Альварес тең түсіп, Головкин барлық титулын сақтап қалды.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ, кейінірек жекпе-жектің толық видеосы жарияланды. Сонымен қатар, Спорттық комиссия басшысы "Канелоның" пайдасына дауыс берген төрешіні шеттетті.

Tengrinews
Автор сұрағы
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама