04 наурыз 2016 12:11

Бернард Хопкинс Головкинмен жұдырықтасу туралы ойынан айнып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Геннадий Головкин мен Бернард Хопкинс. © telegraf.com.ua Геннадий Головкин мен Бернард Хопкинс. © telegraf.com.ua

Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы америкалық Бернард Хопкинс (55-7-2, 32 KO) бұдан әрі қазақстандық Геннадий Головкинді (34-0, 31 КО) мәнсабындағы соңғы жекпе-жегіндегі қарсыласы ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Ring TV-ге сілтеме жасап.


Екі салмақ дәрежесі бойынша әлемнің экс-чемпионы америкалық Бернард Хопкинс (55-7-2, 32 KO) бұдан әрі қазақстандық Геннадий Головкинді (34-0, 31 КО) мәнсабындағы соңғы жекпе-жегіндегі қарсыласы ретінде қарастырмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz порталы Ring TV-ге сілтеме жасап.

51 жастағы боксшының айтуынша, ол жыл басында 33 жастағы Головкинмен 168 фунтта ақтық жекпе-жегінде кездесу туралы ойлаған. Хопкинстің сөзіне қарағанда, ол тіпті жекпе-жекті НВО-ға қалай сату керегін де ойластырған. "Мен оны НВО-ға былай ұсына аламын: "Кәрісі шықты, жасы кірді". Оны осылайша тартуға да болатын еді. Сіздерде орта салмақтағы өткен күндердің аңызы мен бүгін басым болып тұрған орта салмақта әлем чемпионы бар, ал мистер Хопкинс ешқашан нокаутқа түспеген", - деді америкалық боксшы.

Алайда Головкин оның жоспарында жоқ. "Себебі мен маусым айында 52 жасқа таяп қалатынымды түсінемін. Сондықтан мен барлығын өлшеп, ол кезге дейін өзіме орын (моладан) таңдап жатырмын. Түсінесіздер ғой?", - деді ол. 

Сонымен қатар, Хопкинс соңғы жекпе-жегін әлі де жоспарлап жүргенін айтты, сөзіне қарағанда, ол биыл жазда екінші орта салмақта немесе аралық 170 фунт шеңберінде өтуі мүмкін. Спортшының айтуынша, ол ресми мәлімдемені көктемде айтады және қарсыласының кім болатыны да сол кезде жарияланады. Боксшының соңғы жекпе-жегі НВО-да өтуі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети