Бейбіт Шүменов Лас-Вегастағы зәулім үйін сатып жатыр

Дина Муратова
Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейбіт Шүменов Лас-Вегастағы зәулім үйін сатып жатыр © видеодан алынған кадр

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Америкадағы үйін сатып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық боксшы, орта салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Бейбіт Шүменов Америкадағы үйін сатып жатыр, - деп хабарлайды Vesti.kz

Las Vegas Now мәліметінше, үш қабатты зәулім үйдің ауданы 2,8 мың шаршы метр, ол Лас-Вегастың элиталық ауданында орналасқан. Сатылым бағасы - 4,75 миллион доллар.

Үйде алты жатын бөлме, тоғыз ванна, кинотеатр, лифт және вино қоюға арналған қоймасы бар. Сатып алушыға 50 сотық жер де бұйырады. Шүменовтің үйін сатумен Шеннон Смиттың жылжымайтын мүлік агенттігі айналысып жатыр. Ол белгілі баскетболшы бойы 216 сантиметр Шакил О'Нил мына үйдің қасында өзін ұсақ сезінеді деп әзілдеген.

"Мен әр күні жұлдыздың үйін сата бермеймін! Бұл Лас-Вегастағы ең керемет үйлердің бірі. Күнделікті көре бермейсіз. Ақшасы бар кез келген адам мұндай үйді алыстан қарап армандамай, тек ләззат алады. Бұл Вегас, қалағаныңның бәрі бар", - деді Смит

Фото: LasVegasNow.com және VegasCribs.com

Айта кетейік, Бейбіт Шүменов - екі салмақ дәрежесінде чемпион атанған жалғыз қазақстандық кәсіпқой боксшы. Ол WBA атағын орта ауыр салмақта және бірін ауыр салмақтағы дивизионда жеңіп алған. Жақында Шүменовтің командасы WBA уақытша чемпионы француз Арсен Гуламирянмен жекпе-жек өткізу үшін промоутерлік сауданы жеңіп алған. Енді екі жақта келісімшарт жасау үшін 14 күндері бар. Жекпе-жекті өткізу үшін 15 сәуірде Монако, 30 сәуірде Астана немесе 13 мамырда Нью-Йорк қалаларының бірі таңдалуы мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети