"Бір-бірін көргісі келмейді". Головкин мен Альварес реваншқа дейін баспасөз-конференциясынан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бір-бірін көргісі келмейді". Головкин мен Альварес реваншқа дейін баспасөз-конференциясынан бас тартты © boxingscene.com

WBC, WBA (Super) және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (38-0-1, 34 КО) мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО) реваншқа дейін бірге баспасөз-конференциясын өткізуден бас тартты. Бұл туралы Головкиннің промоутері Том Леффлер айтты, - деп хабарлайды Boxingnews24.com.

Промоутердің айтуынша, боксшылар тіпті жекпе-жектің соңғы аптасына дейін кездеспеу туралы шешім қабылдаған, себебі олар бір-бірін көргісі келмейді екен. Боксшылар ешқандай да жарнамалық акциялар да жүргізбейтін болып шешті.

Осылайша, басылымның мәліметінше, Головкин мен Альварес НВО арнасының бағдарламаларына қатыспайды.

Еске сала кетейік, боксшылар арасында алғашқы жекпе-жек былтыр 16 қыркүйекте тең есеппен аяқталған болатын. Қарымта жекпе-жек Лас-Вегаста 15 қыркүйекке белгіленген.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.84  course up  571.93  course up  6.24  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети