Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты © Baq.kz

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты, - деп хабарлайды Vesti.kz ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бокстан Қазақстан құрамасының бұрынғы мүшелері Біржан Жақыпов пен Берік Әбдірахманов әуесқой бокспен қош айтысты, - деп хабарлайды Vesti.kz ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжановқа сілтеме жасап.

49 келі салмаққа дейін жұдырықтасқан 32 жастағы Біржан Жақыпов Олимпиада ойындарына үш рет қатысқан (2008, 2012, және 2016) және әрдайым жартылай финалға дейін ғана барды. Оның жетістіктері - 2013 жылы әлем чемпионы, 2005 жылғы әлем біріншілігінде қола жүлде, 2010 және 2014 жылдардағы Азия чемпионатында екі күміс жүлде және Қазақстан чемпионатының бірнеше жүлдесі. Жақын арада Жақыпов өзінің туған жері Шымкент қаласындағы спорт мектебі директорының орынбасары болады деп болжанып отыр. 

40 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасып келген 30 жастағы Әбдірахманов 2016 жылғы Олимпиадада алғашқы кездесуінде-ақ америкалық Карлос Балдерамастан ұтылып қалды. Ақтаулық боксшының ең үлкен жетістігі 2013 жылы болды, ол осы жылы Азия чемпионы атанды және Алматыда өткен әлем чемпионатының қола жүлдесінің иегері атанған еді. 

Мұнаң алдында Олимпиада чемпионы әрі ұлттық құрама капитаны Данияр Елеусінов Қазақстан құрамасы сапынан шығып, кәсіпқой боксқа өткен болатын. Жақын арада екі Олимпиададан да қола жүлде иеленген Иван Дычко да кәсіпқой рбоксқа ауысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети