Боб Арум Геннадий Головкин және Мэнни Пакьяо жекпе-жегін ұйымдастырмақ

Боб Арум Геннадий Головкин және Мэнни Пакьяо жекпе-жегін ұйымдастырмақ © Vesti.kz

Мэнни Пакьяоның промоутері Боб Арум филиппиндік боксшымен қазақстандық Геннадий Головкин жекпе-жегін ұйымдастырмақ ниетте, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Сәуір айында Пакьяо спортпен қош айтысқанын жариялаған болатын. Дегенмен, боксқа қайта оралып, 5 қарашада Лас-Вегаста Джесси Варгаспен кездесу өткізеді.

"Егер Мэнни осы жекпе-жекті жақсы өткізсе, келесі қарсыласы Головкин болуы мүмкін", - дейді Арум.

Жарнама
Жарнама

2015 жылы Головкин Пакьяомен жекпе-жек өткізу арманы екендігін айтқан. Қазақстандықтың тағы бір қалауы ол жеңіліп көрмеген американдық кіші Флойд Мейвезермен қолғап түйістіру.

 

Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама