14 қазан 2016 14:48

Бокс жұлдыздары Эвандер Холифилд пен Рой Джонс Қарағандыға келеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pikabu.ru © pikabu.ru

17 желтоқсанда Қарағандыда КССР-дің еңбек сіңірген бапкері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған 33 дәстүрлі турнир өтеді. Бүл шараның құрметті қонақтары ретінде Эвандер Холифилд пен Рой Джонс келеді, - деп хабарлайды Vesti.kz үйымдастыру комитетінің өкілі Әлихан Жарлығаповқа сілтеме жасап.

Рой Джонстың мұның алдында да осы турнирдің біріне келгендігін айта кету керек.

"Турнирлердің біріне Рой Джонс келген болатын. Оған өте ұнады", - дейді атақты бапкердің немерсі Әлихан. - Осы жолы онымен бірге аңызға айналған тағы бір боксшы  Эвандер Холифилд келеді. Біз екеуін де шақырдық, екеуі де алдын ала келісімін берді".

Еске салайық, түрлі жылдары аталған турнирге Ермахан Ибраимов, Бахтияр Артаев, Бегзат Саттарханов, Бақыт Сәрсекбаев, Серік Сәпиев, Василий Жиров пен Геннадий Головкин сияқты боксшылар қатысқан. 

КССР-дің еңбек сіңірген бапкері Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бок орталығында желтоқсанның 17 мен 21 аралығында өтеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети