Қазақстан Кәсіпқой бокс федерация вице-президенті Виктор Демьяненко Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасқан Қанат Ислам мен Жанқош Тұраровтардың жеңісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстан Кәсіпқой бокс федерация вице-президенті Виктор Демьяненко Астанадағы бокс кешінде жұдырықтасқан Қанат Ислам мен Жанқош Тұраровтардың жеңісі туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Еске салайық, Қанат Ислам Астанада 25-ші жекпе-жегін өткізіп, жеңіске жетті. Бұл жолы оның қарсыласы Брэндон Кук болды. Тұраров болса аргентиналық Бруно Леонардо Ромэйды төрешілердің шешімімен жеңді.
Демьяненконың айтуынша, жекпе-жек кезінде Қанат бар мүмкіндігін пайдаланбаған. "Бірінші нокдауннан кейін, Ислам Кукты нокаутқа жіберуіне болар еді, алайда жекпе-жек тоғыз раундқа созылды. Ислам біраз соққы қабылдады. Басымда ол күлімсіреп жүрді, бірақ кейінірек батырсынудың керек емес екенін аңғарғандай. Кездесу соңында ол жұмыс істеу керектігін түсінгеніне рақмет", - дейді сарапшы.
"Маған маман ретінде адамның өз санатын жоғалтып жатқаны қынжылтады. Оның жылдамдығы жоғалып, ол өзінің комбинацияларымен жұмыс істемейді. Қанат Исламның алдын да не боларын ...Оның уақыты келіп жатыр, дайындық кезінде қатты күш салуға болмайды. Осы компоненттердің барлығы жеңіліске алып келеді. Әуесқой бокста Қанат өте мықты боксшы болды. Комбинациялық дайындықтар мен бір позициядан жақсы жұмыс істей білетін, ал қазіргі уақытта белден төмен жиі соққы жасайды. Оны солай жаттықтырған, сол себепті де оған ескертулер жасалды. Дайындықтарын қараңыздар. Оның бапкері ұрғыны бауырдан төмен ұстайды, сол себепті де Ислам төмен ұрады. Бұл өкініш туғызады", - дейді ол.
Танымал спорт маманы Жанқош Тұраровтың да жұдырықтасуы туралы пікір білдірді. "Тұраров жанкүйерлердің ысқырып кетуіне дейін жұдырықтасты. Ол деградацияға ұшыраған. Ол қандай қасиетімен ұтпақшы", - деді Демьяненко.
"Тұраров алдыңғы қолымен түрткілеп қояды. Ол қолын көтермейді және басын шығара береді. Оны не үшін істегені түсініксіз. Тұраров ештеңенің де іске аспай жатқанын көріп, екі қолын түсіріп, цирк шоуын ұйымдастырады", - деп сынады маман.