Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасындағы рематчты көрсететін Ұлыбритания мен Ирландияның бірнеше спорттық арнасы бокс жұлдыздары мен сарапшылар арасында сауалнама жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.
Сауалнамаға қатысқан тоғыз адамның сегізі жеңіске GGG жететініне сенімді.
"Біреу айтуы керек: "Жоқ, мен енді қателік жасамаймын. Жұдырығым менің төрешім болады". Менің ойымша мұны Головкин айтады", - деді Леннокс Льюис.
GGG-дің жеңетіні жайлы Билли Джо Сондерс, Лиам Смит пен Мартин Мюррей айтты. Тек Тайсон Фьюридің жауабы өзгеше болды. Алайда ол да Альварес жеңеді, деп отырған жоқ. "Жанкүйерлер жеңеді", - деді ол.
Айта кетейік, қазақстандық пен мексикалық боксшы арасындағы екінші кездесу 15 қыркүйекте АҚШ-тың Невада штаты Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile аренасында өтеді. Бір жыл бұрын дәл осы жерде қос боксшы кім мықтыны анықтай алмаған еді.